Қоғам
Мемлекет басшысы рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.
Tengrinews.kz сайтындағы алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі.
Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады.
Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады.
Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.